Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!


 

Тарбағатай аудандық орталық кітапханасында өткізілген облыстық семинар.

01. 07. 2016

Тарбағатай аудандық орталық кітапханасында өткізілген облыстық семинар.

      28  маусым күні Тарбағатай аудандық орталыктандырылған  кітапханасында   «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЭКСПО-2017 қарсаңындағы кітапхана қызметі» атты  облыстық А.С.Пушкин кітапханасы ұйымдастырған  ақпараттық семинар  өткізілді.        Ақпараттық семинарды  аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысының орынбасары Т.Бейбіт құттықтау  сөзімен ашты.          Облыстық кітапханадан арнайы  келген директордың орынбасары Б.Ж. Шагиева,  әдістемелік орталықтың жетекшісі Р.С. Мязова «Жаһандық кітапхана қоғамдастығын дамыту  тенденциялары және облыстық кітапханалардың міндеті, ЭКСПО-2017: кітапханаларға  идея, «Бір ел бір кітап», «Үштұғырлы тіл», «Кітапханалар әлеуметтік желілерде», «Есептілік: сараптама және ұсыныстар»  тақырыптарында  кеңес берді.    Семинар барысында «Дулат Бабатайұлы-Абайдың ұстазы» атты интерактивті ойын, «Идея және тәжірибе»  ми шабуылы,  « Өлкетану білімін  насихаттаудағы  үздік тәжірибе» топ жұмыстарының  тұсаукесері, ШҚО бойынша 2016-2017 жылдары еске  алынатын  күндер күнтізбесі, Тарбағатай аудандық орталық кітапханасының «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» атты ашық алаң іс-шарасының бейнекөрсетілімі көрсетіліп талқыға салынды. Семинар қатысушыларға көкейтесті  мәселелерді талқылауға, өз ойын ортаға салып, тәжірибе  алмасуға мүмкіндік берді.

 
 
 

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
Рекламные объявления
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz
 
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/shop/
 
Array
Салон красоты тараз
.asia.kz
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт