Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!


 

Қарасаев Ғ

karasaev9549 Қарасаев Ғани Мұқашұлы, ғалым (1955)

Қарасаев Ғани Мұқашұлы-1955 жылы Тарбағатай ауданында туған. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ « Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының меңгерушісі болып істеген.
Покровка орта мектебін және 1978 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтының тарих және қоғамтану мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген. 1978 жылдан 1988 жылға дейін Тарбағатай аудандық комсомол, партия комитеттерінде қызмет етті.
1988 жылдан, кандидаттық диссертация қорғаған. 1993 жылға дейін Ақжар аулындағы Абай атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарды. Одан кейінгі уақытта Ғани Мұқашұлы ғылым жолына түсіп, Шығыс Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында ғылыми жұмыстармен айналысты. 2004 жылдан Д. Серікбаев атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, оқу бөлімі деканының орынбасары, деканы қызметтерін абыроймен атқарды.
2007 жылдан бастап, «Қазақстан тарихы және құқық» кафедра меңгерушісі. Барлығы 200-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 9 монографияның авторы. Негізгі ғылыми зерттеулері Қазақстанның Шығысы, Алтай өңірінің көне заманнан XX ғасыр басына дейінгі тарихына арналған. Аталған тақырыпқа 150-ден артық ғылыми шығармалар жариялады. Халықаралық және республикалық 80-нен астам ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға, конгрестер мен форумдарға қатысқан. Тарбағатайдан шыққан танымал ғалым. Ғани Мұқашұлының ғылыми шығармалары Қазақстан, Ресей, Моңғолия басылымдарында жарияланған.
ҚР тарихшылар мен қоғамтанушылар Академиясының академигі, халықаралық ғылыми ұйымдардың мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Ғани Мұқашұлы Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл өңірінің тарихы мен оның даму кезеңдері туралы көлемді ғылыми еңбек жазды. Бүгінде Астана қаласында тұрады.

Қарасаев Ғани шығармалары:

Қарасаев Ғ. М. Алтай өңірі көне заманнан ХХ ғасыр басына дейін [Мәтін] : (тарихи-этникалық бағыт) / Ғ. М. Қарасаев. - Өскемен : [б. ж.], 2010. - 490 б.
Қарасаев, Ғани. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты ХХ ғасырдың соңы - ХХI ғасырдың басында (тарихи-саяси бағыт) [Мәтін] / Ғ. Қарасаев. - Өскемен : ШҚМТУ, 2009. - 205 б.
Қарасаев Ғ. М. Қазақстанның шығысы және Алтай өлкесі XIX-XX ғасыр басында (экономикалық, саяси, әлеуметтік даму тарихынан) [Мәтін] : тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Қарасаев Ғ. М. - Алматы : [б. ж.], 2007. - 46 б.
Қарасаев Ғ. Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және Шығыс Қазақстан [Мәтін] : қозғалыстың 20 жылдығына / Қарасаев Ғ. - Өскемен : б. ж., 2006. - 126 б.
Қарасаев Ғ. Қазақстанның Шығыс өңірі ХVIII-XX ғасыр басындағы Батыс орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде [Мәтін] : тарихнамалық бағыт / Қарасаев Ғ. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2006. - 396 б.
Қарасаев Ғ. Ұстаздықтың хан-апасы [Мәтін] : Тарихи-педагогикалық шолу / Қарасаев Ғ. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 216 б.
Қарасаев Ғ. М. Құнанбай Өскенбаев-халық қалаулысы, саясаткер, шешен [Мәтін] / Қарасаев Ғ. М. // Абай және XXI ғасыр : халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы. - Өскемен : ШҚТУ, 2005. - 164. - С. 164
Қарасаев Ғ. Қазақстан және Алтай өңірі XVІІІ-XX ғасырлар аралығында [Мәтін] : Қазақстанның шығысы және Алтай өлкесі деректерінен / Қарасаев Ғ. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2004. - 392 б.

Қарасаев Ғани туралы:

Ғасыр көші: өлкетанымдық басылым, тағылымдық хикаяттар мен естеліктер. Өскемен қаласы, Рекламный дайджест баспасы.-2013.-404 б

 
 
Рекламные объявления
Психолог, Алматы
Психологическая помощь в индивидуальном (очно в алматы или по скайпу), семейном (или парном) формате.
psy.asia.kz
 
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz
 
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/site/
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт