Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!


 

Қажыбаев А

Қажыбаев Аманкелді - Тарбағатай ауданының, Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1943)

1943 ж. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Комсомол ауылында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында 12 жыл, содан кейін - 10 жыл Зырян қ. жұмыс істеген. Алғашында партия қызметінде болады, ал 1987 - 1991 жж. аралығында – Зырян қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. 1991 ж. - «Крамдс-Цветмет» акционерлік қоғамының президенті болады.
1992 ж. - Шығыс Қазақтан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. 1994 ж. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қорғаныс өнеркәсібі комитетінде жұмыс істеді. 2001-2002 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
2002 ж. қараша айында - Семей қаласынын әкімі болып тағайындалады. 2004 жылдың 15 қаңтары мен 2005 жылдың 17 қаңтары аралығында Өскемен қ. әкімі қызметін атқарды. А. Қажыбаевтың тұсында жолдарға және Ертіс арқылы өтетін көпірге жөндеу жүргізілді, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды, ауған соғысы әскерлерінің ескерткіші тұрғызылды.
2005 ж. қаңтарынан бүгінгі күнге дейін «Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар департаментінің» директоры.
А. Қажыбаев – Өскемен қаласының Құрметті азаматы. Өнертабысы үшін берілген 4 авторлық куәлігі және 1 монографиясы бар. 2003 жылы «Алтын Барыс» төске тағатын белгісімен марапатталған.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне А. Қажыбаевқа «Өскемен қаласының әкімі» атаулы медалі тапсырылды.

Қажыбаев Амангелді туралы:

Тағайындалды [Мәтін] : [Облыс әкімінің орынбасары Қажыбаев Амангельды Семей қаласының әкімі болып тағайындалды] // Дидар. - 2002. - 5 қараша.- Б.1

 
 
Рекламные объявления
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz
 
Качественный ремонт пластиковых окон любой сложн
Качественный ремонт пластиковых окон в алматы любой сложности замена замков ручек уплотнительной резины подоконники отливы стеклопакеты москитные сетки быстро качествено работаем без выходных установка доводчиков монтаж демонтаж москитные сетки отливы
remontokon.kz
 
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/shop/
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт