Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!


 

Ахметов Е

Ахметов Ержан (1879-1967 жж.) – ақын.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген. Атақты ақын, әнші Әсет Найманбайұлынан көп тәлім алып, өз жанынан өлең, ән шығарған, айтыстарға қатысқан. 1920-1956 жылы Қытайдың Тарбағатай өңірінде болып, туған жеріне оралған соң жыршылық өнерін жалғастырып, ел аузындағы жыр, дастандар мен қиссаларды, аңыз, әңгімелерді жинаумен айналысты. Әсет, Жанұзақ ақындардың шығармаларын насихаттады. Өзінің тақпақ сөздері мен қысқа өлең-жырларына қоса “Мырзаш батыр” атты елінің бостандығы үшін күрескен қаһарман туралы көлемді дастан жазды. Бұл дастан Шығыс Қазақстан өңіріне кеңінен тараған. Ақын Әзмұхамбет Терлікбаевпен айтысы “Айтыс” жинағының 3-томында (1966) жарияланған. Ақын батырлар жыры мен ақындар айтысын жинап, қазіргі ұрпаққа жеткізуде көп еңбек сіңірді. Ол жырлаған “Арқалық батыр”, “Бердіқожа батыр”, “Қабанбай батыр”, “Бозжігіт”, “Бақтияр” және т.б. көлемді жырлар мен дастандар көптеген жинақтарға енген. Ақын тапсырған ауыз әдебиеті үлгілері Қазақстан Ғылым министрлігі Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының қолжазба және текстология орталығында сақталған.

 
 
Рекламные объявления
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz
 
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/site/
 
Качественный ремонт пластиковых окон любой сложн
Качественный ремонт пластиковых окон в алматы любой сложности замена замков ручек уплотнительной резины подоконники отливы стеклопакеты москитные сетки быстро качествено работаем без выходных установка доводчиков монтаж демонтаж москитные сетки отливы
remontokon.kz
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт