Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!


 

Бақтыбаев Х

Бақтыбаев ХайруллаБақтыбаев Хайрулла, Социалистік Еңбек Ері, (1925)

Хайрулла Бақтыбаев 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Покровка ауылында туған. 1962 жылдан КПСС мүшесі.
Еңбек жолын 1941 жылы туған ауылында шопандықтан бастаған. 1942-1947 жылдары Совет армиясы қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1950 жылдары «Завет Ильича » колхозында шопан болып еңбек етті.
1951 жылдан Ленин, Октябрь революциясы орденді В.И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына жұмысқа кіріп, литейщик мамандығын меңгерді. Тамыз айынан бастап балқытушы болып істеді.
1954 жылы қорғасын балқытудың процесін игеру кезінде Х. Бақтыбаев алғашқылардың бірі болып, жауапты жұмысқа – қорғасын зауытының балқыту цехына горновой болуға тілек білдірді.
Пештердің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, технологиялық процестерді бұлжытпай орындай отырып, қорғасын құюдың қыр-сырын толық меңгереді. Сөйтіп, өндірістік тапсырманы артығымен орындауға қол жеткізеді. Сегізінші бесжылдық жылдарында жлғарғы еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізеді: Алдыңғы қатардан көрінген балқытушының еңбек өнімі төмендегідей еді:
1960 жылы -103,2 пайыз, 1967 жылы -104,9, 1968 жылы 104,5, 1969 жылы 102,1, 1970 жылы – 105,3 пайыз. Қабылданған көтеріңкі социалистік міндеттемені өндіріс озаты Хайрулла Бақтыбаев 1970 жылдың 1 қарашасына мерзімінен бұрын орындап, жоспардан тыс 667 мың теңгенің өнімін өткізген.
Өнеркәсіптегі қол жеткізген толағай табыстары мен түсті металды дамытуға қосқан үлесі үшін Х. Бақтыбаевқа 1971 жылғы 30 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы, ленин орден мен «Орақ пен Балға» алтын медалі қоса тапсырылды.
Еңбектегі жоғарғы көрсеткіштері мен қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін Х. Бақтыбаев Еңбек Қызыл ту орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, В.И. Лениннің туғанына 100 толуына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған. «Еңбек ардагері», «Құрметті металлург» атақтары бар.
ВЦСПС-тің ХІІІ сьезінің делегаты, Өскемен қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болған.
1975 жылдан- дербес зейнеткер.

Бақтыбаев Х. туралы:

История народов Средней Азии - http://darvblago.ru/864.html 
Сәдібеков, Б. Тұғырынан түспеген тұлға [Мәтін] / Сәдібеков Б. // Дидар. - 2005. - 18 қаңтар. - Б. 1.

 
 
Рекламные объявления
Качественный ремонт пластиковых окон любой сложн
Качественный ремонт пластиковых окон в алматы любой сложности замена замков ручек уплотнительной резины подоконники отливы стеклопакеты москитные сетки быстро качествено работаем без выходных установка доводчиков монтаж демонтаж москитные сетки отливы
remontokon.kz
 
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz
 
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/site/
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт