Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!


 

Картаева Айжан

kartaevaКартаева Айжан Маратбекқызы – филология ғылымдарының докторы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры.

Айжан Маратбекқызы Картаева1975 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында дүниеге келген. 1998 жылдан бері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы; аға оқытушысы; доценті, ШҚМУ профессоры.

2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Абай мұрасы Әуезов шығармашылығында» (“Абай жолы” роман-эпопеясы негізінде) деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 2010 жылы Алматы қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Абай мен М.Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Әдебиеттану, абайтану, мұхтартану, Шығыс Қазақтан өңірінің әдеби мұралары саласында 170-ден аса ғылыми-әдістемелік, әдеби-танымдық мақалалардың, соның ішінде 2 монография, 7 оқу құралы, 2 электронды оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Мемлекеттік тапсырыспен шығатын жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған «Қазақ тілі» (2013) оқулығы авторларының бірі.

Алған мемлекеттік сыйлықтары:

  • Ғылыми мәселелерді шешуге белсенді қатысатын, ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан талантты жастарға арналған Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми шәкіртақысының иегері (2006-2008 жж.),
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2012),
  • Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы іргелі зерттеулері үшін DIPLOM DI MERITO  Европаның алтын медалінің иегері (Москва, 2013),
  • Нұр Отан партиясының 15 жылдығына байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысқаны және азаматтық белсендік танытқаны үшін қала әкімінің алғысы (2014).

 «2012 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік Грантының иегері ретінде өз бастамасымен оқытушы 2013 жылы  28-29 наурызда Ресейдің Барнаул қаласында И.И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік  техникалық университетінде «Білім берудегі коммуникативті технологиялар: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны  Ресейде тұңғыш рет қазақ тілінде  өткізді.

2012 оқу жылынан бастап университеттің бірнеше мамандықтарына тұңғыш рет «Абайтану» пәнін енгізуге үлес қосты. 2013 жылы Абай ескерткіші аллеясындағы тасқа жазылған Абайдың қарасөздерін саралап, афоризмдерінің үш тілдегі нұсқасын әзірледі. 

Айжан Маратбекқызы өз өңірінің әдеби мұрасын зерттеуге де бар үлесін қосып келеді. Автордың өңірден шыққан дарынды ғалымдар мен сыншыларға да арнап жазған мақалалары бір төбе.  Автор көрнекті ғалымдар мен сыншылар шығармашылығын сөз ете отырып, олардың әдебиетке қосқан зор үлестерін көрсетеді. Олардың ғылымдағы саналы өмірі мен қажырлы еңбектерін келешек ұрпаққа үлгі етеді. 

А. Картаеваның еңбектері:

Абай және XXI ғасыр [Мәтін] : халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл = материалы международной научно-практической конференции 21-22 октября 2005 г. - Өскемен : ШҚТУ, 2005. - 308 б. (Введено оглавление)

Картаева А. Абай мұрасы Әуезов шығармашылығында (Абай жолы" роман -эпопеясы негізінде) [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Картаева А. - Алматы : б.ж., 2003. - 26 б.

Картаева А. М. Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық [Мәтін] : филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / А. М. Картаева. - Алматы : [б. ж.], 2010. - 43 б.

Картаева А. М. Абай мен Мұхтар Әуезов: рухани сабақтастық пен көркемдік тұтастық [Мәтін] : (монография) / А. М. Картаева ; ред. М. Мырзахметұлы . - Алматы : [б. и.], 2010. - 380 б. (Введено оглавление)

Картаева А. М. Абай мен Әуезов шығармашылығындағы үндестік [Мәтін] / А. М. Картаева. - Өскемен : [б. и.], 2007. - 152 б. (Введено оглавление)

Алтай - Түркі әлемінің алтын бесігі [Мәтін] : халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары 26-27 тамыз. - Өскемен : [б. и.], 2011. - 360 б. (Введено оглавление)

Картаева А. М. Абай және Әуезов : ұлылар үндестігі [Мәтін] : монография / А. М. Картаева. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. - 380 б.

Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі [Текст] : халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары 26-27 тамыз 2013 жыл. 1- бөлім. - Өскемен : Б. ж., 2013. - 387 с. (Введено оглавление)

Образование и инновации в контексте международного партнерства [Мәтін] : сборник докладов международного научного конгресса (27-28 сентября 2013 года). Ч. 3. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2013. - 181 с. (Введено оглавление)

Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде [Мәтін] : халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2015. - 299 б. (Введено оглавление)

Картаева А. М. Абайтану және Әуезовтану  дәрістері [Мәтін] : оқулық / А. М. Картаева. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2015. - 290 б. (Введено оглавление)

Картаева, Айжан Маратбекқызы. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі [Мәтін] : оқу құралы / А. М. Каратаева ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. - Алматы : Ралип Сидикей Сервис, 2013. - 192 б. (Введено оглавление)

Абай [Мәтін] : республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби- көркем журнал. №1. - Алматы : Дәуір, 2005. - 112 б. (Введено оглавление)

Мерзімді басылым беттерінде:

Картаева А. Абай қарасөздерінің М. Әуезовтің публицистикалық шығармаларындағы іздері [Мәтін] / Картаева А. // Абай. - 2007. - №1.- Б.24-29.

Картаева А. Абай мұрасындағы адамгершілік танымның Мұхтар Әуезов шығармаларындағы көрінісі [Мәтін] / Картаева А. // Шығыс Қазақстан техникалық университетінің хабаршысы. - 1999. - №4.- Б.107-110

Картаева А. Әуезов шығармашылығындағы перифраз [Мәтін] / Картаева А. // Абай. - 2005. - №1 .- Б.65-67

Картаева А. Ел билеу жүйесінің Әуезов шығармаларындағы көрінісі [Мәтін] / Картаева А. // Абай. - 2007. - №2.- Б.74-77.

Картаева А. Жазушының ғұмырлық тақырыбы [Мәтін] / Картаева А. // Дидар. - 2007. -  13 қыркүйек.- Б.4.

Картаева А. Шығыстың шынары [Мәтін] / Картаева А. // Дидар. - 2008. -  12 сәуір.- Б.6.

Картаева А. М. Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында [Мәтін] / Картаева А. М. // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2006. - №3.- Б.120-122

Картаева А. "Абайдың діні - сыншыл ақылдың шартты діні" [Мәтін] : (М. Әуезов зерттеулері негізінде) / А. Картаева // Абай. - 2012. - №1-4.- б.60-67

 
 
Рекламные объявления
Психолог, Алматы
Психологическая помощь в индивидуальном (очно в алматы или по скайпу), семейном (или парном) формате.
psy.asia.kz
 
Качественный ремонт пластиковых окон любой сложн
Качественный ремонт пластиковых окон в алматы любой сложности замена замков ручек уплотнительной резины подоконники отливы стеклопакеты москитные сетки быстро качествено работаем без выходных установка доводчиков монтаж демонтаж москитные сетки отливы
remontokon.kz
 
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт